Жасанды интеллект Қазақстандағы пойыздардың тексерулер арасындағы жүрісін 600 шақырымнан 1,5 мың шақырымға дейін ұзартуға көмектесті

Жасанды интеллект Қазақстандағы пойыздардың тексерулер арасындағы жүрісін 600 шақырымнан 1,5 мың шақырымға дейін ұзартуға көмектесті

2024–2026 жылдарға арналған теміржол желісін цифрландыру жоспары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Trip Optimizer және KinetiX интеллектуалды кешендерін енгізді. Ақылды цифрлық жүйелерді енгізу поездарды техникалық байқауды 30%-ға жеделдетуге және мамандардың қол еңбегінің көлемін 70%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда жүк пойыздарына арналған Trip Optimizer интеллектуалды круиз-бақылау жүйесімен 425 локомотив жабдықталып, 10 мың км теміржол жолы цифрландырылды.

Өз кезегінде, 8 модульден тұратын KinetiX цифрлық диагностика кешені тәулік бойы жұмыс режимінде 4,6 млн-нан астам осьті тексеріп, 17,6 мыңнан астам ақауды анықтады, оның ішінде 448-інің қауіпі жоғары.