Теміртауда теміржол платформасы жаңғыртылды

Теміртауда теміржол платформасы жаңғыртылды

Теміртау станциясында жолаушылар платформасын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Жұмыстар барысында платформаға іргелес аумақ толық абаттандырылды: жолаушылар жүретін жолдар мен кіреберістерге тас төсем төселіп, заманауи аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, шағын сәулет нысандары және жарықтандыру жүйелері орнатылды.

Теміртау станциясынан Құлайғыр және Ақадыр бағыттарына төрт қала маңы пойызы қатынайды.

Жаңғырту жұмыстары жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, пойызға отыру мен түсуді жеңілдетуге, сондай-ақ станцияның сәулеттік келбетін жаңартуға мүмкіндік берді. Жобаны іске асыру Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды.