Бүгін, 27 ақпан күні Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің ұйымдастыруымен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылғы арналған үлгілік жоспарына сәйкес Министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру туралы онлайн семинары өтті.
Семинар спикері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, оның ішінде құқықтық негіздер, тәуекелдерді талдау, қоғамдық бақылауды күшейту және мемлекеттік органдардағы ашықтықты арттыру мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қазіргі жағдайы мен оның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және тәуекелдерді талдау, қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру, лауазымды тұлғалардың этика нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау туралы слайд көрсетілді.
Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланып, құқықтық негіздерді жетілдіру, мемлекеттік органдардағы ашықтықты арттыру және қоғамның жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.