Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Сыбайлас жемкорлыкка карсы саясат» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарда 18 қараша 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі бағыттарына назар аударды. Аталған заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатындығы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды, қаржылық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігі, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігі, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігі, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты екендігін атап өтіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуы ұдайы бақылауда екендігін айтылды.