ТЖ режимі кезінде 1414 Call-орталығы азаматтардан келіп түскен 7 млн. астам қоңырауға жауап берді. Рекордтық көрсеткіш 3 сәуірде болды, бұл күні 815 039 рет қоңырау соғылған.
Азаматтар көбінесе eGov арқылы "42500" әлеуметтік төлемақы алуға өтінім беру, ЭЦҚ алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, автокөлікті қайта тіркеу, сондай-ақ бала тууға байланысты берілетін жәрдемақыларды алу мәселелері бойынша хабарласады.
Осы орайда, 1414 Call-орталығына азаматтардан ең жиі қойылатын сұрақтардың ТОП-5-тігіне жауап ұсынамыз:
"42500"жәрдемақыны алуға берілген өтінімнің мәртебесін қалай тексеруге болады?
Өтінімнің байланыстың қай арнасы (eGov.kz порталы, телеграм-бот, 42500.enbek.kz сайты) арқылы берілгеніне қарамастан, оның мәртебесін "Электрондық үкімет" порталынан тексеруге болады. Ол үшін порталда авторланған соң, басты беттегі "Сервистер" бөлімінде "42500 төлем мәртебесін тексеру "батырмасын басу керек. Жүйе ЖСН бойынша өтінімнің мәртебесін автоматты түрде көрсетеді. Сондай-ақ, өтінім мәртебесін 42500.enbek.kz сайтынан тексеруге болады
Ал, әлеуметтік төлемнің не себепті тағайындалмағанын білу үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 42500@enbek.kz мекенжайындағы электондық поштасына хат жолдау қажет.
Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ-ны онлайн қалай ала алады?
Заңды тұлғаға ЭЦҚ қашықтан алу үшін egov.kz порталының басты бетінде орналасқан "ЭЦҚ қашықтан алу" сервисін таңдау және қызметке тапсырыс беру қажет. Осы қызметті алуға өтінімді ұйымның бірінші басшысымен қатар, ұйым қызметкерлері де бере алады (қызметкердің заңды тұлғаның атынан ЭЦҚ алуы үшін заңды тұлғаның бірінші басшысы өтінімді www.pki.gov.kz жеке кабинетінде растауы тиіс). Ол үшін олар заңды тұлғаның БСН-ін енгізуі, өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы, веб-камерасы бар дербес компьютері мен ұялы телефоны болуы қажет. Сонымен қатар, дербес компьютерінде NCALayer программалық жасақтамасы орнатылған болуы тиіс.
Толығырақ - https://egov.kz/cms/kz/services/pass_onlineecp.
Мамандандырылған ХҚКО уақытша жұмыс істемеуікезінде автокөлікті қалай қайта рәсімдеуге болады?
Автомобильді eGov порталында онлайн тіркеуге болады. Ол үшін автокөлікті сатушы ЭЦҚ арқылы порталда авторланып, "Көлік және коммуникация" бөліміне өтуі тиіс. Сол жерде өзіне қажетті қызметті таңдайды. Сатып алушы жаңа техқұжат пен автомобильдің мемлекеттік нөмірін мамандандырылған ХҚКО-дан алып кете алады. Қазір мамандырылған ХҚКО тек дайын құжаттарды беру үшін жұмыс істеп жатыр. Толығырақ - https://egov.kz/cms/kz/services/vehicle/089pass_mvd
Карантин кезінде жүргізуші куәлігін қалай ауыстыруға болады?
Мерзімі аяқталуға жақын жүргізуші куәлігін "Электрондық үкімет" порталында, сондай-ақ eGovmobile мобильдік қосымшасы арқылы ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінімді толтыру кезінде азамат фотосуреті мен қойылған қолының үлгісінің суретін бекітіп,мемлекеттік баж төлемін төлеп, өтінімге өзінің ЭЦҚ-мен қол қояды. Дайын болған құжатты өзі тұрып жатқан өңірдегі мамандандырылған ХҚКО-нан ала алады.Қазір мамандырылған ХҚКО тек дайын құжаттарды беру үшін жұмыс істеп жатыр.
Толығырақ– https://egov.kz/cms/kz/services/vehicle/010pass_mvd
Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны алуға қалай өтініш беруге болады?
Ол үшін eGov порталындағы"Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау"қызметін таңдау керек. Өтінім беруші порталға авторлану арқылы кіріп, өтінімді толтыруы және оған өзінің ЭЦҚ-мен қол қоюы қажет. Өтінімде өтініш берушінің атына "Қазпошта" АҚ-да немесе "Халық банкі" АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсетуі қажет. Бала туғанда берілетін жәрдемақының тағайындалғаны (тағайындаудан бас тартылғаны) туралы Жеке кабинеттен ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) білуге болады.
Толығырақ - https://egov.kz/services/P6.13.2/ .
1414 нөмірі арқылы бір уақытта мыңдаған адамға кеңес беру мүмкіндігін ұсыну үшін бұл жұмысқа ХҚКО-ның 2000-нан астам қызметкері қосылды, байланыс арналарының өткізу қабілеті мен телефония өнімділігі кеңейтілді. Осымен бірге ХҚКО-ның 1000-ға жуық қызметкері видеобайланыс арқылы азаматтарға кеңес берумен, сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеумен және ЭЦҚ-ны онлайн-ресімдеу үшін азаматтардың жеке басын сәйкестендірумен айналысады.
Министрлік 6 сәуірде іске қосқан Телеграм-боттардың көмегімен 42500 тг. әлеуметтік төлемді алуға 800 154 өтініш берілді. Жалпы алғанда, барлық қолжетімді сервистер арқылы азаматтардан 2,5 млн. өтініш келіп түскен.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 42500 тг. әлеуметтік төлемін алуға өтінім беруге арналған қосымша арналарды іске қосқанын естеріңізге салып өтеміз. Әр өңірдің азаматтары өз өңірлері бойынша өтінім бере алатын 18 телеграм бот құрылды. Бұл арналардың жүктемесін азайтып, өтінім беру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, egov.kz порталында ЭЦҚ-ны пайдаланбай, SMS арқылы авторлану жолымен өтінім беруге болады. Берген өтініміңіздіңқаралғанын және өңделгенін порталдағы Жеке кабинеттен тексере аласыз. Бұдан басқа, 42500.enbek.kz сервисі арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған боты іске қосты.
Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot атауын енгізу арқылы арнайы боты таба аласыз.
Бот арқылы өтінім беру рәсімі бірнеше қадамнан тұрады:
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:
Қызметкер үшін:
eGov порталында орналастырылған "ТЖ кезінде 42500 тг. төлемақы алу" қызметін енді SMS арқылы алуға болады.
Ол үшін пайдаланушы eGov порталының алғашқы бетіндегі Сервистер бөлімінен "ТЖ кезінде 42500 теңге төлеу" қызметін таңдауы қажет. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, "бір реттік құпия сөзді" таңдайды. SMS арқылы келген сандар комбинациясын енгізгеннен кейін, қарапайым нысанды толтырып, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін беріп, "Әрі қарай" батырмасын басады. Электрондық өтініш берілгеннен кейін жаңа бетке өтесіз, ол жерде сіздің мәліметтеріңіз, берген өтініміңіздің нөмірі және "өтініміңіздің өңделу үстінде" екені туралы ақпарат көрсетіледі. Өтінім мәртебесін және/немесе нәтижені порталдағы Жеке кабинетіңізден көре аласыз, «Кіріс» бөліміне хабарлама келіп түседі.
Егер жүйе сіздің мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, сол бетте көрсетілген сілтеме арқылы тіркелу керек. Тіркелу не үшін қажет? Сізге тиесілі әлеуметтік төлемге өзгенің ие болмауы үшін Жүйеге телефон нөміріңізді көрсету арқылы өзіңіз екеніңізді растайсыз.
Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін сізді бейнеқоңырау арқылы ХҚКО операторымен байланыстырады, ол сіздің нөміріңізді базаға енгізеді. Осыдан кейін, сіз бір реттік құпия сөз арқылы өзіңіз екеніңізді растап, қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындай аласыз.
Азаматтарды мобильді азаматтар базасында тіркеу үшін 500-ге жуық ХҚКО қызметкері осы шараға тартылды.
Әлеуметтік төлем алу үшін сілтеме: https://egov.kz/services/P6.46/
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Telegram-да мемлекеттік қызметтер көрсететін жалғыз ресми бот - EgovKzBot2.0 боты екенін ресми түрде хабарлайды.
Ол https://t.me/Kenes1414Bot мекенжайында орналасқан.
Қалған өзге боттар фэйк және азаматтарды адастыруы мүмкін.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қазақстандықтарды 1414 бірыңғай байланыс орталығына тек мемлекеттік қызмет көрсету және ЭЦҚ мәселелері бойынша қоңырау шалуға шақырды. Министр Facebook-тегі парақшасында 1414 call-орталығының операторлары азаматтарға жоғарыда аталған мәселелер бойынша ғана кеңес беретінін еске салды.
«Сіздерден 1414 кол-орталығына тек мемлекеттік қызметтерді және ЭЦҚ алу мәселелері бойынша қоңырау шалуыңызды сұраймын. Өйткені, «Көрші үйде инфекция жұқтырғандармен байланыста болғандар бар ма?» «Маған көшеге шығуға бола ма?» «Зімбір бағасы неге қымбаттап кетті?» - деген сұрақтар операторлардың ойын бөліп, кезек күткен азаматтардың уақытын алады» - деп жазды Асқар Жұмағалиев.
ХҚКО-лар уақытша жабылғалы бері 1414 сall-орталығына қоңыраушалушылар саны бірнеше есеге артты. Кей күндері орталыққа жарты миллионға жуық қоңырау келіп түседі. Бұндай кезде қоңырауға жедел жауап беру мүмкін емес. Әрине, байланыс орталығының мүмкіндігін арттырып, бір мезгілде 1000 азаматқа кеңес беру мүмкіндігін ұйымдастыру үшін ХҚКО-ның 1800 қызметкері орталық жұмысына тартылды.
Осы уақыт аралығында азаматтар "Электрондық үкімет" порталынан eGovmobile қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграм-бот және Facebook пен ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі боттар арқылы 754 мыңнан астам мемлекеттік қызметті онлайн алған. Және бұл үдерісті мамандар үнемі бақылап, назарда ұстап отыр.
«Менің әріптестерім eGov-тағы барлық сервистердің тұрақты жұмыс істеуін бақылауында ұстайды және сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды да назардан тыс қалдырмайды. Сонымен қатар әзірлеушілер жаңа тапсырмаларды жүзеге асырумен айналысуда. Өткен түнде тағы бірнеше қызмет іске қосылды, соның ішінде ТЖ кезінде жәрдемақы алуға өтінім беру қызметі бар» - деп атап өтті министр.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ТЖ режимі және коронавирус пандемиясымен күрес кезінде ХҚКО қызметкерлерінің, call-орталық операторларының, сондай-ақ ақпарат жүйесін әзірлеушілер мен айтишниктердің жұмысының маңыздылығына тоқталып, күн сайын азаматтарға кеңес беріп, олардың он мыңдаған мемлекеттік қызметті онлайн алуына көмектесіп жатқан барлық қызметкерге алғысын білдірді.
Мерекелік демалыс күндерінен кейінгі бірінші жұмыс күні, 26-шы наурызда, 1414 колл-орталығы әдеттегіден 30 есе көп қоңырау қабылдады. 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 598 423 рет қоңырау соғылған.
Бұрын (19-24 наурыз аралығында) Бірыңғай байланыс орталығына тәулігіне 5 мыңнан 24 мыңға дейін қоңырау келіп түсетін.
Байланыс орталығы жүктемесінің артуына байланысты азаматтарға кеңес беру жұмысына ХҚКО-ның 1800-ден астам қызметкері қосылды, сондай-ақ байланыс арналарының өткізу қабілетін және барлық қоңырауларға қызмет көрсету үшін телефония қуатын арттыру бойынша шаралар қабылданды, енді бір мезгілде 1000-нан астам қоңырауды қабылдауға мүмкіндігі бар.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ төрағасының орынбасары Диас Қадыровтың айтуынша, «азаматтар 1414 орталығына сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өте көп хабарласқан. Ал, сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін байланыс орталығына хабарласушылар саны азайған. Осы уақытта өтініш білдірген азаматтардың қажетті кеңесті тез алуына мүмкіндігі мол».
Қазақстандықтар 1414 колл-орталығына онлайн қызмет алу мәселелері бойынша күн сайын, демалыссыз, сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін хабарласа алады. Байланыс орталығы қызметкерлерінің ЭЦҚ алуға өтініш білдірген азаматтарды жеке куәлігіндегі суретіне қарап, бейнебайланыс арқылы сәйкестендірумен айналысатынын да айтып өту керек. Азаматтың телефон нөмірі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда ғана бейнебайланыс арқылы сәйкестендіру талап етіледі.
Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 80%-ын онлайн алуға болады. Оларды азаматтар egov.kz электрондық үкімет сайты, eGov mobile қосымшасы, egovkzbot2.0 телеграм арнасы және Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы ала алады.
Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтан ала алады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80%-ын ЭЦҚ көмегімен алуға болады.
Жеке тұлғаға ЭЦҚ-ны қашықтан алуға өтінімді электрондық үкіметтің egov.kz порталында беруге болады. (Сервистер - ЭЦҚ алу немесе қайта шығару, https://egov.kz/cms/kk/services/pass_onlineecp). Бұл үшін өтінім берушіге веб-камерасы бар компьютер мен жеке куәліктің немесе паспорттың түпнұсқасы қажет.
Өтінімді жіберу үшін азамат цифрлық ID құрып, сәйкестендіру рәсімінен өтуі керек. Ол үшін ақпараттық жүйе ұялы телефон нөмірін енгізіп, компьютер арқылы селфи жасауды және өзінің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының түпнұсқасын суретке түсіріп жіберуін сұрайды. Сіздің жеке басыңызды растаған соң, жүйе сізді ЭЦҚ алу бетіне қайта бағыттайды, ол жерде ЭЦҚ-ны сақтауға арналған жолды көрсету қажет.
ЭЦҚ алуға өтінім берген азаматтың телефон нөмірі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда, ақпараттық жүйе азаматты ХҚКО операторымен байланыстырады. Оператор өз кезегінде, қосымша бірнеше сұрақ (құжат деректері, тіркелген мекенжайы және т.б.) қоя отырып, бейнебайланыс арқылы сәйкестендіреді.
Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен қазақстандықтар www.egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы барлық мемлекеттік қызметтердің 80%-ын ала алады.Сондай-ақ, электрондық қолтаңбаны (ЭЦҚ) смартфонға жүктеп, eGovmobile қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Қосымшадағы ЭЦҚ-ныTouch ID немесе Face ID бағдарламасына байлау қолдануды ыңғайлы ете түспек.
ЭЦҚ-ны қашықтан алу барысында қиындықтар немесе сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін 1414 байланыс-орталығына хабарласуыңызға болады.
Анықтама:
Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – Азаматтың ЖСН-ы ХҚКО немесеeGov.kz порталы арқылы азаматтың телефон нөміріне байланған "электрондық үкіметтің" телефон нөмірлер базасы. МАБ-та тіркелу бір реттік парольді пайдалана отырып, SMS арқылы бірқатар мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік береді .
еGovmobile мобильді қосымшасын AppStore және PlayMarket-тен жүктей аласыз.
Өткен демалыс күндері, яғни 21-24 наурыз аралығында қазақстандықтар 136 мыңнан астам мемлекеттік қызметті онлайн алды.
Электрондық үкіметтің egov.kz порталында ел аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін анықтау және жылжымайтын мүлкінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама ең көп сұранысқа ие болды. Өткен 4 күн ішінде қазақстандықтар алған қызметтердің 21 мыңнан астамы аталған анықтамалардың еншісінде.
Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі, соттылығының жоқтығы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан берілетін анықтамалар да жиі сұралады.
Қазақстандықтар eGov mobile қосымшасын да белсенді пайдалануда. Демалыс күндері AppStore PlayMarket арқылы 14 мыңнан аса рет жүктелген. Осы қосымшаның көмегімен өткен 4 күн ішінде азаматтар 67 мыңға жуық мемлекеттік қызмет алған.
Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 80%-ы онлайн қолжетімді. Оларды азаматтар электрондық үкіметтің egov.kz сайты, eGov mobile қосымшасы, Telegram-дағы egovkzbot2.0 арнасы, Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы ала алады.
Төтенше жағдай кезінде білім беру сайттарын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсететін интернет-ресурстарды пайдалану тегін болады.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Білім және ғылым министрлігі мен елдің ірі байланыс операторлары осындай ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Жақын арада байланыс операторлары азаматтардың келісілген тізбедегі ресурстарды тегін пайдалануына мүмкіндік беру үшін қолданыстағы тариф жоспарларына өзгеріс енгізіп, жаңа тариф жоспарын әзірлейді. Яғни, көрсетілген сайттарды пайдаланғаны үшін байланыс операторлары азаматтардың тариф бірлігінен қолданылған мегабайт (трафикті) үшін қаражат шегермейді. Бұл шара төтенше жағдайда ЖОО мен колледждердің қашықтан оқытуға көшуі мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының күн тәртібін қайта ұйымдастыру кезеңінде ерекше маңызға ие.
Осылайша, Білім және ғылым министрлігі ұсынған 24 білім беру ресурсына қазақстандықтардың тегін қол жеткізуі қамтамасыз етілмек. Тізімдегі интернет-ресурстардың қатары болашақта толықтырылады. Сондай-ақ, электрондық үкіметтің www.egov.kz порталынан және «eGov mobile» қосымшасынан мемлекеттік қызметтерді алу кезінде интернет-трафик есептелмейді.
Ұсынылған ресурстарды пайдалану үшін абоненттің шотында ақша болуы керек. Білім беру ресурстарын тегін пайдалануға рұқсат етілгені туралы ақпарат байланыс операторларының сайттарында орналастырылады.
Меморандумға Цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов, Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ, "Транстелеком" АҚ, "Кар-Тел" ЖШС, "Кселл" АҚ, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС, "Astel"АҚ басшылығы қол қойды.