Меню
Страницы
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
11 июня 2020
Қазақстанда ЭЦҚ-ның баламасы пайда болады

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

Қазіргі қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ)  жаңа «бұлтты»ЭЦҚ-ның басты айырмашылығы сол, оны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама (NCALayer) орнатпайсыз. Сонымен қатар, ЭЦҚ сіздің компьютеріңізде емес, қорғалған серверде сақталады және оны пайдалану үшін  бейнеидентификациядан өту керек.

«Азаматтар үнемі ЭЦҚ-ға қатысты көп сұрақ қоятын. Біріншіден,  ЭЦҚ-ны алу үшін ХҚКО-ға бару кейбіреулерге қиындық тудырса, енді біреулеріне ЭЦҚ-ны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама орнату қажеттігі ұнамады. Осыдан бірнеше ай бұрын біз ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін іске қостық.  Ал, қазір NCALayer орнатуды қажет етпейтін баламалы электрондық цифрлық қолтаңбаны әзірлеумен айналысудамыз», - деді Жұмағалиев.

Министр бұл қолданыстағы ЭЦҚ-ның баламасы екенін, оны жоғалтып алу мүмкін еместігін және өзіңізден басқа ешкімнің пайдалана алмайтынын атап өтті.

«Бейнеидентификациядан өтпей, құпия сөзді енгізбей ЭЦҚ-ны пайдалану мүмкін емес. Сіздің цифрлық қолтаңбаңызды өзіңізден басқа ешкім пайдалана алмайды. Қазір «ҰАТ» АҚ, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік техникалық қызмет қауіпсіздік мәселелерін пысықтауда», - деді Жұмағалиев.

ЭЦҚ-ның жаңа түрі компьютерде немесе басқа да тасығышта сақталмайды. Қызметті алу кезінде жүйе азаматтың серверде сақталған цифрлық  қолтаңбасын автоматты түрде табады.

Қазіргі уақытта  ЭЦҚ-ның жаңа түрі әзірлеу сатысында. Оны қолданысқа  биыл енгізу жоспарда бар.

17 мая 2020
17 мамыр - Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Бүгін байланыс және IT-мамандардың елдің ақпараттандыру саласына қосқан үлесі ерекше бағаланады. Үздіксіз коммуникацияны қамтамасыз ету – бұл күнделікті қажырлы еңбек, озық жабдықтар мен заманауи технологияларды пайдалана отырып, жаңа жобалар және әзірлемелермен жұмыс істеу. Сондықтан да сіздер әрқашан бір қадам алдасыздар.

Елде және әлемде болып жатқан қазіргі жағдайда, яғни пандемияға байланысты көптеген процестер онлайн форматқа өткен кезде сіздердің еңбектеріңіз қоғамда ерекше сұранысқа ие.

Сіздердің ізденістеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен сала алдында тұрған барлық стратегиялық міндеттерді іске асырудағы жауапкершілігіңіз үшін әрқайсыңызға алғысымды білдіремін.

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық және алға қойған мақсаттарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін.

Құрметпен, А. Жұмағалиев

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
15 мая 2020
QR-код арқылы авторизациялауды мемлекеттік порталдарға енгізу ұсынылды

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мемлекеттік органдарға QR-код арқылы авторизациялауды енгізу ұсынылды. Мемлекеттік органдардың порталында eGovmobile қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу бойынша авторизациялану азаматтарға ұсынылатын балама мүмкіндік болмақ.

Қазіргі уақытта түрлі порталдар мен мемлекеттік органдардың кабинеттері азаматты сәйкестендіру және қызметтерді алуға берілген өтініштерге қол қою үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) талап етеді. Олардың ішінде – Салық төлеушінің кабинеті, Сот кабинеті, Мемлекеттік сатып алу порталы және басқалары бар. QR-код арқылы авторизациялау сервисін енгізу  аталған ресурстарды пайдалану процесін жеңілдете түспек.

"Қазіргі кезде бәрі смартфон пайдаланады. Азаматтар eGovmobile қосымшасын барлық мемлекеттік сайттар мен порталдарды ашатын кілт ретінде қолдана алар еді. Ол үшін қосымша арқылы QR-кодты сканерлеу жеткілікті. ЭЦҚ-ны компьютерде пайдалану үшін қосымша софт орнатудың да қажеті  болмайды", - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Авторизациялау процесінің осындай баламасы электрондық үкімет порталында іске асырылды. Азамат "QR-код бойынша авторизациялануды" таңдап, QR-кодты eGovmobile қосымшасы арқылы сканерлеуі керек. Қосымшаға енгізілмеген мемлекеттік қызметтерді аталған принцип бойынша алдағы маусым айында алуға болады.

"Азаматтардың  мемлекеттік қызметтерді оңай әрі ыңғайлы алуы үшін өтінімдерге қол қою механизмін QR-кодты eGovmobile қосымшасы арқылы оқу процесін жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде", - деді "ҰАТ" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы тұрақты түрде, айына бірнеше рет өткізілетінін айтып өткен жөн.  Осы кездесулер шеңберінде мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру үшін жаңа бизнес-процестерді талқылап, пысықтайды.

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
15 мая 2020
ВАК мемлекеттік органдарға анықтамаларды алып тастау жұмыстарын жалғастыруды ұсынды

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер тізілімінен бірқатар анықтамаларды алып тастау мәселесі талқыланды. Бұл жолы 24 түрлі ақпараттық анықтама туралы сөз болды.

Цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Әділет Көшербаев атап өткендей, мемлекеттік тізілімде 694 қызмет болса, оның 49-ы анықтама.

"Бүгінгі таңда азаматтарға осы анықтамаларды бір мемлекеттік органға ұсынуы үшін оны екінші бір мемлекеттік органнан сұрауына  тура келуде. Бұл қағазбастылық пен бюрократияға әкеледі. Сондықтан мемлекеттік органғаазаматтың рұқсатын ала отырып, өз әріптестерінен ала алатын бірқатар анықтаманы жою ұсынылады", - деді Көшербаев.

Бұл ретте мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелердегі деректер базасын интеграциялау арқылы қажетті мәліметтерді ала алады. Ал ақпаратты басқа адам немесе негізгі ақпараттық жүйелерді пайдалануға рұқсаты жоқ ұйым сұратқан жағдайда, азамат үшінші тұлғасервисі арқылы өзі туралы мәліметтерді ұсынуға рұқсат бере алады немесе бас тарта алады.

Тізілімнен шығаруға ұсынылғандардың қатарында"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы", "Уақытша еңбекке жарамсыздығы", "Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" және т. б.анықтамалар бар.

Ведомствоаралық комиссияның төрағасы – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев отырысқа қатысушылардың назарын мемлекеттік органдардың осы процеске техникалық дайындығының маңыздылығына аударды.

"Мемлекет басшысы біздің алдымызға кеңес алу, анықтама алу және өтініш беру операцияларын онлайнға көшіру міндетін қойды. Біз бұл тұрғыда мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету керек деп санаймыз. Сондықтан мемлекеттік орган өзі ала алатын анықтаманы жоюыкерек. Алайда, барлық мемлекеттік органдар бұған техникалық жағынан дайын болуы керек, содан кейін қажетті интеграцияны уақтылы өткізбеуіне байланысты жойылған анықтамаларды азаматтардан талап етпеуі маңызды",-деп қортындылады Жұмағалиев.

Комиссияның осының алдындағы отырыстарының шешімімен 5 түрлі анықтаманың жойылғанын айтып өткен жөн. Олардың  қатарында: мекенжай анықтамасы, жоғары оқу орнын және одан кейінгі білімді аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру және т.б. Осының нәтижесінде қағаз құжат айналымын 14 млн. құжатқа қысқарту мүмкін болды.

Бұдан басқа, ВАК 25 анықтаманы Тізілімнен шығару туралы шешім қабылдаған еді,  бүгінгі күні осы бағытта уәкілетті мемлекеттік органдар техникалық және заң шараларын реттеуде. Жылдың соңына дейін бұл анықтамаларжойылмақ.

Сонымен қатар, отырыста еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, қаржы, ішкі істер, денсаулық сақтау және т. б. салалардағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері қаралды.

14 мая 2020
Асқар Жұмағалиев халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді

2020 жылғы 11 маусымда сағат 14.30-да ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Есеп беру кездесуі Facebook әлеуметтік желісіндегі Министрліктің ресми парақшасында онлайн форматта жүргізіледі.

Сұрақтарыңызды келесі байланыс арналары арқылы жолдауларыңызға болады:

       - Министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогына;

       - 8(777)433-27-04 WhatsApp нөмеріне;

       - suraq@mdai.gov.kz электрондық поштасына.

Ақпараттық қауіпсіздік
Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
Инновациялар
29 апреля 2020
Мәжіліс цифрлық технологиялар туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Роботтың қожайынына "қамқорлығындағы"техника үшін жауапкершіліктің жүктелуі, "цифрлық" құжаттардың заңды күшінің болуы маңызды, ал квазимемкомпанияларға жеке нарық жұмыс істеп тұрған нарықта кәсіпкерлік қызметпен айналысуға заңды түрде тыйым салынуы керек (Yellow Pages Rules).

Осы және басқа да бірқатар нормалар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары екінші оқылымда мақұлдаған цифрлық технологиялар туралы заң жобасында жазылған.

Құжат негізгі 6 бағыт: цифрлық технологиялар, деректерді талдау, халыққа қызмет көрсету, инвестициялық тартымдылықты арттыру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудіқамтиды.

Атап айтқанда, "блокчейн", "зияткерлік робот" және т.б. ұғымдарды заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылады. Бұл нормаларды қабылдау саланы одан әрі дамыту үшін қажет. Өндірістер мен процестерді автоматтандыруды және роботтауды ескере отырып, мысалы робот иесінің өзінің "қамқорлығындағы" техникаға  жауапкершілігін бекітудің де маңызды екенін айтып өткен жөн.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған нормалар заңнамалық тұрғыда бекітілгеннен кейін, азамат өз смартфонындағы цифрлық құжаттарды түпнұсқасының орнына толыққанды пайдалана алады. Мысалы, азаматтың өзімен бірге қағаз құжаттары болмаған жағдай да, ол мобильді үкімет базасындағы сервис арқылы қызметтерді ала алады.

Сондай-ақ,  квазимемсекторға жеке фирмалар жұмыс істеп тұрған нарықта кәсіпкерлікпен айналысуды заңды түрде шектейтін нормалар ІТ-компаниялардың дамуына серпін беруі тиіс. Осылайша, IT-салада Yellow Pages Rules қағидаттарын неғұрлым толық сақтау қамтамасыз етіледі.

ҚР Парламенті Мәжілісінде осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының 14 отырысы өткізіліп, 375 түзету талқыланды. Бұдан әрі құжат ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының қарауына жіберіледі.

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
27 апреля 2020
ЭЦҚ-ны онлайн алу кезінде енді паспортты пайдалануға болады

Қазақстан азаматтары паспортын пайдалана отырып, ЭЦҚ-ны қашықтан ала алады.

Қызметті алу үшін электрондық үкіметтің порталындағы "Сервистер" бөлімінде орналасқан "ЭЦҚ-ны қашықтан алу" қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі кілтті алудың стандартты процедурасынан өту керек. ЭЦҚ-ны қашықтан алу жолымен https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp сілтемесі арқылы таныса аласыз. Бұл жерде ЭЦҚ-ны алудың әр қадамы көрсетілген нұсқаулық орналастырылған.

Осы уақытқа дейін ЭЦҚ-ны қашықтан алу кезінде жүйе кейбір жағдайларда, яғни жеке куәліктің мерзімі өтіп кетуіне байланысты, құжат иесін сәйкестендіре алмады. Бұл жағдайда пайдаланушының өтінімі модерацияға жіберіліп, оған қосымша уақыт қажет болды.

Паспортты жеке басын куәландыратын құжаттың баламасы ретінде пайдалану ЭЦҚ-ны қашықтан алу барысында сәйкестендіруден өту процесін  жеңілдетеді. Әсіресе, жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда тиімді.

Енді Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны сәйкестендіру процесінен автоматты түрде қашықтан өту арқылы алуға болады. Бүгін ЭЦҚ-ны жеке тұлғалармен қатар  заңды тұлғалар да  ала алады. ТЖ кезінде 274 мың ЭЦҚ берілді.

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
Телекоммуникация және байланыс
26 апреля 2020
Отандық IT-мамандар қазақстандықтарға ТЖ кезінде қалай көмектесуде?

ТЖ кезінде IT-компаниялар коронавирусты таратуға қарсы әрекет ету, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, қашықтан оқыту және т.б. бағытталған 50-ден астам әзірлемені жасап, кейбірін жетілдірді.                                        

Цифрлық даму вице-министрі Абылайхан Оспановтың айтуынша, ТЖ кезінде көптеген IT-компаниялар әлеуметтік жауапкершілік алып, көмек қолын созды.

"Еліміздегі  ІТ-қоғамдастықтың өзіне әлеуметтік жауапкершілік алған сәттері аз емес. Әріптестер азаматтарға жаңа өмір салтына бейімделіп, қызметтерді қашықтан алуға қажетті түрлі әзірлемелер жасауға белсенді қатысты", - деп атап өтті Оспанов.

Мысалы, ЭЦҚ-ны қашықтан алу қызметін "ҰАТ" АҚ-ы BTS Digital компаниясымен бірлесіп іске асырды. Компания қашықтан сәйкестендіру сервисін тегін ұсынды. Бүгінде 215 мыңнан астам қазақстандық ЭЦҚ-ны онлайн ресімдеді.

Денсаулық сақтау саласына қатысты 15 түрлі шешім бар. Атап айтқанда, Ұлттық сараптама орталығында зертханалық зерттеулер жүргізу процесі автоматтандырылды, COVID - 19 деректерді басқару жүйесі құрылды.  Smart Astana мобильдік қосымшасында "Мен карантиндемін" функциясы іске қосылды, ал "eGov mobile"-да COVID-19 тестілеу үшін сауалнаманы толтыру мүмкіндігі пайда болды. Айта кету керек, бұл шешімдердің басым бөлігі тегін жасалды.

help.coronavirus2020.kz порталын іске қосу - отандық айтишниктердің жұмысының нәтижесі. Осымен бірге, екінші деңгейлі банктер шотты онлайн ашу қызметін шұғыл түрде ұсынды. Блокбекеттерден өту рәсімін тездету үшін iQala.kz порталында Qorgan сервисі, сондай-ақ жүк тасымалдаушыларға берілетін рұқсатты электронды тексеру қызметі және т.б. іске қосылды.

IT-компаниялар қазақстандықтарға білім беру саласындағы өз өнімдерін пайдалануда бірқатар жеңілдік ұсынды. Мысалы, "BilimmediaGroup" және "DarynOnline" платформалары өз сервистерін ақысыз режимге көшірді. Platonus компаниясы 1 шілдеге дейін елдегі бүкіл колледждерді өз жүйесіне тегін қосуға ниетті. "Өрлеу" инновациялық технологиялар орталығы қашықтан оқыту және тестілеу жүйесін тегін ұсынды. Отандық байланыс операторлары болса, барлық білім беру ресурстары үшін жұмсалған трафикті тарифтемейтін болды.

 

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
22 апреля 2020
Енді автосалоннан сатып алынған көлікті онлайн тіркеуге болады

Қазақстандықтар автосалоннан сатып алған көліктерін Электрондық үкіметтің порталы арқылы онлайн тіркей алады.

Автомобиль сатып алу жөнінде келісім жасалғаннан кейін автосалон өкілі VIN-кодты, сондай-ақ клиенттің ЖСН-ы көрсетілген қажетті құжаттарын бекітіп, eGov порталы арқылы  автокөлік құралын тіркеуге өтінім береді. Бұл өтінім сатып алушының жеке кабинетіне келіп түседі.

Сатып алушы eGov порталындағы жеке кабинетіне кіріп, өтініммен танысады. Автомобильге арналған мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдай отырып, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлейді және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойып, өтінімді растайды.

Сатып алушы дайын техникалық құжат пен нөмірлік белгіні тиісті хабарлама келген соң, бірнеше сағаттан кейін мамандандырылған ХҚКО-дан өз бетінше ала алады. Бұдан басқа, алдын ала ресімделген сенімхат бойынша құжаттарды және мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу қызметін пайдалануына болады.

Қазір, мамандандырылған ХҚКО-да ТЖ кезінде электрондық үкімет порталы арқылы ресімделген дайын құжаттар мен нөмір белгілерін беру терезелері ғана жұмыс істейтінін айтып өткен жөн.

Онлайн тіркеу  қазіргі уақытта Қазақстан аумағында  жасалған, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобильдер үшін мүмкін.

Бұл қызметті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕ АҚ және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бірлесіп іске асырды.

Аталған қызметті мына сілтемеге өту арқылы алуға болады: https://egov.kz/cms/kk/services/vehicle/reg-vehicle_1

18 апреля 2020
"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы онлайн-режимде өтті

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жаңа тәсілдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы Цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен ашық онлайн-форматта өтті. Мемлекеттік бағдарламаны уақыт талабына сай өзекті ету туралы тапсырманы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында берген еді.

Онлайн формата өткен жұмыс тобының отырысында Асқар Жұмағалиев сарапшыларға цифрландыру тәсілдерін жетілдіруге қатысты маңызды міндеттердің жүктелгенін жеткізді.

"Пайдаланып жүрген бизнес-процестердің жекелеген элементтерін цифрлау жеткіліксіз. Цифрландыру дегеніміз – шын мәнінде, осы процестерді трансформациялау. Мемлекет басшысы бізге осыны міндеттеді. Осы орайда, бәрімізге осы тетіктерді шағын топтарда егжей – тегжейлі пысықтап, оларды жаңғыртуға жүйелі түрде кірісуіміз керек", -деп атап өтті министр.

Ірі IT-компаниялардың басшылары, байланыс операторлары, цифрлық CDO – мемлекеттік органдардың вице-министрлері мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінен жасақталған топ мүшелері бейнеконференция байланысы режимінде қызметтің негізгі бағыттары мен жұмыс форматын талқылады.

Кездесуде жұмыс тобының мүшелері негізгі бағыттар бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, ақпараттық қауіпсіздік саласын дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және цифрлық қоғам құру, сондай-ақ бір жағынан бизнеске мемлекеттік сектордың қысымын болдырмайтын Yellow Pages rules қағидаттарын белсенді қолдану, сонымен бірге бизнес, қоғам және мемлекет мүдделерінің арасындағы экономикалық теңгерімді сақтау шаралары талқыланды.

Мемлекеттік бағдарламаны жетілдіруде әр тақырып бойынша ұсыныстарды шұғыл әзірлеумен айналысатын шағын топтар құрылып, талқылаулар сол жұмыс топтарында жалғасады. Бұл топтарға бизнесмендер, байланыс операторларының және мемлекеттік органдардың өкілдері жетекшілік етеді. Олардың қатарында: "ChoсoFamily" – Рамиль Мухоряпов, "Documentolog" – Байжан Қанафин, "Beeline Қазақстан" – Евгений Настрадин, "Қазақтелеком" – Қуанышбек Есекеев, "Prime Source" - Евгений Щербинин, "Platonus" - Айдар Испусинов, "Бірінші несиелік бюро" - Руслан Омаров, "Атамекен" ҰКП-ның АКТ жөніндегі комитет төрағасы - Руслан Башеев және т.б. бар. Бүгін 90-нан астам адам осы топтың жұмысына қатысты, алдағы уақытта олардың қатары толыға түспек.

Бұл жұмысқа осы саладан хабары бар әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алады. Ол үшін аталған жұмыс тобының қарауына өз ұсыныстарыңызды жіберуге болады. Ұсыныстарды қабылдау «Ашық диалог» платформасындағы Асқар Жұмағалиевтің блогында жүргізіледі. Сілтемесі төменде:

https://dialog.egov.kz/blogs/1376256/welcome.

Анықтама

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы елімізде 2018 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Оны түрлі Министрліктер мен  Агенттіктер және Әкімдіктер іске асыруда.

 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы