Қазақстан мен Германияның экономикалық ынтымақтастығының жаңа мүмкіншіліктері ашылуда

Қазақстан мен Германияның экономикалық ынтымақтастығының жаңа мүмкіншіліктері ашылуда

 Берлинге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі – Қазақстан-Герман Үкіметаралық Жұмыс тобының сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Тең төрағасы Қанат Шарлапаев бастаған үкіметтік делегациясы барды.

Іс-сапардың басты мақсаты 2023 жылдың маусымында Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердың Қазақстанға және қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға іс-сапарлары аясында қол жеткізген келісімдерді практикалық іске қосу болып табылады.

Сапар барысында бірлескен жобаларды қаржыландыру және хеджерлеу бойынша Жұмыс тобының екінші отырысы мен Герман экономикасы шығыс комитетінің мүше компанияларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Екі жақтық сауда-экономикалық ынтымақтастықты өнеркәсіп, энергетика, сауда, көлік және логистика салаларында ілгерілетуге аса маңызды көңіл бөлінді. Германия қызығушылығын шикізат тудырса, Қазақстанға неміс технологиялары керек. Осы мақсатта тараптар ESG-стандарттарына сәйкес бірлескен шикізат, технология және өнеркәсіп салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қазақстандық және германиялық компаниялар арасында Консорциум құруға ынта білдірді.

Қазақстандық тарап неміс әріптестестерді тиімді инвестициялық мүмкіндіктерді ұсына отырып, белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Шараға қатысушылар Қазақстанда іске асырылып жатқан ауқымды «жасыл» жобаларға, «жасыл» сутегі, болат және энергия көп жұмсайтын өнімдерді өндіруіне, жалпы «жасыл» трансформация бағытын дамытуына қызығушылық танытып, оң баға берді. 

«Германия Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі болып табылады. Қазіргі геосаяси жағдай аясында Қазақстан мен Германия үшін энергетикалық, көлік және агроөнеркәсіп салаларында іскер қарым-қатынастар дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылуда.  Қазақстанның батысында жасыл сутекті өндіру бойынша «Svevind» компаниясының іске қосқан ірі жобасы төмен көміртекті технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін дамытудың жақсы үлгісі болып табылады» , - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Көлік және логистика сұрақтарын талқылауда, Қазақстан территориясы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.

«Қазіргі таңда Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас ең жоғары деңгейде. Құрлықаралық көлік және энергия тасымалдау маршруттарының қиылысында орналасқан тиімді географиялық жағдайына байланысты Қазақстанды өңірлік экономикалық хаб деп сеніммен атауға болады», - деді Германия экономикасы шығыс комитетінің басқарушы директоры, Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің Тең төрағасы Михаэль Хармс.

Сонымен қатар, делегация басшысы бірқатар тау-кен өндіру, станок жасау, өнеркәсіптік жабдықтар, медициналық және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жетекші неміс компанияларымен келіссөздер жүргізді.