ҚР ИИДМ басшысы еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен қорғаныс өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады

ҚР ИИДМ басшысы еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен қорғаныс өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады

ҚР ИИДМ басшысы еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен қорғаныс өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Қорғаныс өнеркәсібін дамыту, инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ҒЗТКЖ әзірлеу және отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.

Бейбіт Атамқұлов қауымдастықтың отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудағы маңызды рөлін атап көрсетті.

Анықтама үшін:

Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде 8 мыңнан астам адам еңбек етеді.  

2020 жылдың қорытындысы бойынша қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өндіріс көлемі 180,6 млрд теңгені құрады.

Қорғаныс өнеркәсібі кешені қауымдастығы оның мүшелерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру; қауымдастық мүшелерінің мүдделері мен құқықтарын қорғау; қорғаныс-өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша ҚР заңнамалық-құқықтық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; инновациялық экономиканы дамыту; өндірістің тиімділігін арттыру, шығындарды азайту, кооперацияны жақсарту және қорғаныс-өнеркәсіптік кешенде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту; қауымдастық мүшелері арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру; отандық қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оларды әртараптандыру және жоғары технологиялық өндірістер енгізу; ҚӨК отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын нығайту; мемлекеттік инновациялық және инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу, импорт алмастыруды дамыту; қауымдастық кәсіпорындарының өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету мақсатында құрылды.