Инвестор іздеу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Инвестор іздеу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) осымен «Қару-жарақтарды, әскери техниканы және оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жаратудың орталықтандырылған пунктін және ҚР Қорғаныс министрлігінің 2 қоймасын салу және пайдалану» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша инвесторды іздеу бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

1. Инвестициялық жобаның атауы: «Қару-жарақтарды, әскери техниканы және оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жаратудың орталықтандырылған пунктін және ҚР Қорғаныс министрлігінің 2 қоймасын салу және пайдалану» (бұдан әрі – Инвестициялық жоба).

2. Объектілердің орналасқан жері:

3. Инвестициялық жобаның алдын-ала құны: 34 681 544 мың теңге (ҚҚС-пен)  

Түпкілікті құны Инвестициялық жобаға жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) бекіткеннен кейін белгілі болады.

4. Негізгі міндеттері:

1) Инвестициялық жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді қаржыландыру;

2) Инвестициялық жоба құрылысын қаржыландыру.

5. Инвестор шығынын өтеу: пайдаланылмайтын мүлікті (әскери мүлікті) сатудан түскен қаражат есебінен.       

6. Инвесторды айқындау өлшемшарттарын белгілейтін заңды тұлғаларға (олардың бірлестіктеріне) қойылатын біліктілік талаптары:

1) жобалау құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға, жабдықтарға, құрылыс-монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруге және Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да шығыстарға ақы төлеуді қамтамасыз ету үшін қаражаттың болуы;

2) халықаралық қару-жарақ нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) қару-жарақпен және әскери техникамен жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың болуы;

4) салықтық және кредиторлық берешектің болмауы;

5) банкроттық және/немесе тарату/оңалту рәсімінде болмауға тиіс.

7. Әлеуетті инвестордың конкурстық өтінімді қамтамасыз етуі:

- "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ шотына (БСН 030440000693, ЖСК KZ3594805KZT22031991, БСК EURIKZKA, "Еуразиялық Банк" АҚ, Кбе 16) 3 000 000 000,00 (үш миллиард) теңге мөлшерінде кепілдікті ақшалай жарна  

немесе

- "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ (БСН 030440000693, ЖСК KZ3594805KZT22031991, БСК EURIKZKA, "Еуразиялық Банк" АҚ, Кбе 16) пайдасына "ВВ-" төмен емес халықаралық рейтингі бар банк шығарған банк кепілдігін 3 000 000 000,00 (үш миллиард) теңге сомасына беру.

8. Әлеуетті инвесторлардың конкурстық өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімі: әлеуетті инвесторлардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 15 ақпанына дейінгі күнді қоса алғандағы мерзімге дейін жүзеге асырылады.

Конкурстық өтінімдерді ұсыну мекенжайы: "Қазақстан Инжиниринг "Ұлттық Компаниясы" АҚ: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібекхандар к-сі, 12а, электрондық мекенжайы ke@ke.kz.

9. Инвесторды іріктеу шарттары мен тәртібі:

- Қызығушылық танытқан жағдайда әлеуетті инвесторлар Компанияға конкурстық құжаттаманы ұсынуға сұрауды мынадай мекенжайға жібереді: «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар к-сі, 12а, электрондық мекенжайы ke@ke.kz.

- Компания біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті инвесторлардың атына коммерциялық ұсыныстар беру жөніндегі сұранысты жібереді.