«МҰЗ-2025» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы

«МҰЗ-2025» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы

  Өткен жылдың күзінен бастап бүгінгі күнге дейін ТЖМ мұзда адам өлімінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іс-шаралар кешені «Мұз-2025» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы шеңберінде өткізіледі.

  Акцияның аралық төрт айлық қорытындысының нәтижесі:

  - 20 мыңнан астам рейд пен патрульдеу;

  - 120 мыңнан астам адаммен профилактикалық әңгімелесулер;

  - 70 мыңнан астам балықшы мен аңшымен нұсқаулықтар;

  - 1700 бөлшек сауда нүктелері арқылы балық аулау құралдары мен басқа да аңшылық керек-жарақтарын сатып алу кезінде 150 мыңнан астам ақпараттық жадынама мен парақша тарату;

  - 46 адам (42 ересек, 4 бала) құтқарылды;

  - мұз астына құлаған 11 көлік шығарылды;

  - Алакөл көліндегі бөлінген мұзда қалған 25 балықшыға көмек көрсетілді, «Теріс Ащыбұлақ» су қоймасында 5 балықшы осындай жағдайда құтқарылды.

  Қазгидрометтің болжамына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының белсенді көтерілуде. Нәтижесінде мұздың құрылымы мен тығыздығының өзгеруі, бірқатар өңірде мұз толықтай көшті.

  ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады, бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 сантиметр, бұл ретте тәуліктің қараңғы уақытында, көрінуі нашар болған кезде, мұз қатып еріген кезде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады! Мұздың қалыңдығы 10-нан 25 см-ге дейін мұз астында балық аулауға тек құтқару кеудешесі болған кезде жол беріледі!

  Мұз үстінде болған кезде:

  1) мұздың жұқа және толық қатпаған жерлеріне шығуға;

  2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;

  3) мұздағы шұңқырларға, жарықшақтарға, ойықтарға жақындауға;

  4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;

  5) от жағуға;

  6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі ойық, ал басқа жұп ойықтардан 2 метрден аз қашықтықта екі ойық жасуға;

  7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді.

  Жұқа мұз аса қауіпті, ТЖМ «Мұз-2025» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы жалғасуда.