Республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі кеңеске қатысу

Республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі кеңеске қатысу

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының базасында Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты, Оқу-ағарту министрлігінің қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған.

Бүгінгі таңда балалар-жасөспірімдер қозғалысы білім беру ұйымдарында белсенді түрде енгізілуде. Республикада мектептен тыс ұйымдарда және мектептерде 2,8 млн астам баланы қамтитын 1,5 мыңнан артық балалар ұйымдары бар.

Балалар-жасөспірімдер қозғалысының басты мақсаты –  балаларды әлеуметтендіру, өскелең ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде отансүйгіштік, азаматтылық, іске жауапкершілікпен қарау сезімін тәрбиелеу.

Отырыс барысында балалар-жасөспірімдер қозғалысының жай-күйі мен даму перспективаларын, балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін талқылау, Республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту жоспарлануда.

Тұжырымдамалық тәсілдерде балалар-жасөспірімдер қозғалысының негізгі бағыттары айқындалған: зияткерлік, патриоттық, құқықтық, экологиялық, спорттық-сауықтыру, мәдениет және өнер, ғылыми-техникалық, ақпараттық, волонтерлік.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметі балалардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі жобалар мен іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыс мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде және оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жүргізілетін болады.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті