Әскери қызметшілер Қарағанды облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде

Әскери қызметшілер Қарағанды облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап ТЖД жеке құрамымен су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» РМҚК, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Астана» РМҚК жеке құрамдары, полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.

Тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында шамамен 31 мың 460 м3 еріген су сорылды. Елді мекендерде қапшықтарды төсеу және біліктерді салу жалғасуда. Барлығы 933 адам ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ПД ұйымдары жұмылдырылған.

Біз облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін әрбір жауынгерге, қызметкерлерге және командирлерге алғысымызды білдіреміз.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі