Азаматтық қорғаныс полктері төтенше жағдай салдарын жоюға тартылды

Азаматтық қорғаныс полктері төтенше жағдай салдарын жоюға тартылды

ТЖМ азаматтық қорғаныс полктері 2024 жылғы 27 наурызда Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, және Шығыс Қазақстан облыстарында көктемгі су басу қаупінен туындаған төтенше жағдай салдарын жою мақсатында апат орнында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргізу үшін дабыл бойынша аттанды.  

Төтенше жағдай орындарына келісімен азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жиынтық құтқару жасақтарының жеке құрамы облыстық ТЖД-мен бірлестікте су басу аймақтарындағы апат салдарын жоюға дереу кірісті.

Елді мекендерді су басу қаупінен қорғау мақсатында әскери бөлімдердің күштерімен және құралдарымен қаптарды инертті материалдарымен толтыру, оларды су басу орындарына төсеу, каналдар мен арық жүйелерін нығайту және арнайы құрылғылармен тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерінен қар суын сору, сонымен қатар елді мекендерде апатты хабарлау және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. 

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар елді мекендер мен инфрақұрылымдарда су басу қаупін азайтуға септігін тигізді.