Алматы қаласының тұрғындары арасындағы түсіндіру жұмыстары

Алматы қаласының тұрғындары арасындағы түсіндіру жұмыстары

28237 әскери бөлімінің жеке құрамы Алматы қаласының ТЖД қызметкерлерімен бірігіп Алматы қаласының тұрғындары арасында жер сілкінісі кезіндегі алғашқы кезектегі іс-әрекет қимылдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

28237 әскери бөлім командирінің шешімімен Алматы қаласының Түрксіб, Бостандық, Әуезов және Алмалы аудандарында үгіт жұмыстарын жүргізуге күнделікті 30 әскери қызметші бөлінуде. Бөлінген жеке құрам көпқабатты тұрғын-үйлерді аралап, ондағы тұрғындарға жер сілкінісі кезіндегі алғашқы кезектегі іс-әрекет қимылдары бойынша жадынамалар тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі күнге дейін әскери бөлімнің жеке құрамы Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі 21 902 пәтерді аралады. 

        

 

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі