КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОЙЫНДАР

КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОЙЫНДАР

Қазіргі жағдайда өзекті мәселелердің бірі төтенше жағдайларға ден қою кезінде басқару органдарының іс қимылдарын үйлестіру болып табылады.

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті, Төтенше жағдайларды жою департаментімен бірлесіп, басқару органдарын ықтимал жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға дайындау бойынша командалық-штабтық ойындар сериясын өткізуді жоспарлады.

Командалық-штабтық ойындар - бұл жедел міндеттерді орындау барысында, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі офицерлердің дағдыларын тексеру және жетілдіру мақсатында қолданылатын жедел даярлау нысаны.

Ойынға қатысушылар белгілі бір лауазымды тұлғаның алдында тұрған міндеттерді ғана емес, сонымен қатар азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі қалай іс асыратының де зерттейді.

Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық сейсмикалық қауіпті өңірлерін қамту жоспарлануда.

 

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті