РХБ қорғаныс әскери қызметшілерімен жыл сайынғы ОӘЖ ашылуы

РХБ қорғаныс әскери қызметшілерімен жыл сайынғы ОӘЖ ашылуы

Қорғаныс министрлігімен және Ұлттық ұланмен бірлескен өзара іс-қимыл шеңберінде 2023 жылғы 31 шілде мен 11 тамыз аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигоны базасында РХБ қорғаныс әскери қызметшілерімен оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылды.

Жалпы, РХБ қорғаныс оқу-әдістемелік жиынына 185 әскери қызметші қатысты (ТЖМ-35 адам; ҚМ - 80 адам; ҰҰ – 70 адам).

Далалық жиындарға ТЖ аумақтық департаменттерінің (20 адам), 28237, 52859, 68303 және 20928 әскери бөлімдерінің (15 адам) әскери қызметшілері тартылды.

Бұл іс-шараның мақсаты теориялық білімді практикада қолдану, алған дағдыларды жетілдіру, келесі жағдайларда жеделдікті арттыру болып табылады:

радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау жүргізу;

барлау жүргізу кезіндегі бақылаушының әрекеті;

инженерлік жабдық және позицияны жасыру;

тыныс алу органдары мен теріні қорғаудың жеке құралдарын қолдану дағдылары;

газсыздандыру, техника мен жеке құрамды залалсыздандыру.

Сабақтар теориялық және іс жүзінде, мүлік пен арнайы техниканы (АРС, АРХР, БРДМ, ДДА) қолдана отырып пысықталатын болады.

 Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті