Эвакуация кезінде халықтың әрекет ету тәртібі

Эвакуация кезінде халықтың әрекет ету тәртібі

Халықты қорғаудың негізгі тәсілдерінің бірі эвакуациялық іс шараларды жүргізу болып табылады.

Эвакуациялық іс-шараларды сапалы ұйымдастыру мақсатында халықтың жұмыс және тұру орындарына барынша жақын орналасқан халықты жинау пункттері алдын ала айқындалады.

Әдетте, эвакуация пункттері әкімшілік объектілерде орналастырылады (білім беру, мәдениет және т. б).

Эвакуациялық пункттердің орналасқан жерлерімен мобильді қосымшаларда (2ГИС, SmartQyzylorda) немесе өңірлердің ТЖ департаменттерінің ресми сайттарында танысуға болады.

Қалыптасқан жағдайға байланысты эвакуациялық іс-шаралар ішінара немесе жалпы негіздерде жүргізілуі мүмкін.

Ішінара эвакуация дегеніміз – тек белгілі бір адамдар тобы (мүгедектер, зейнеткерлер мен балалар) эвакуацияланады, ал қалғандары орнында қалады.

Жалпы эвакуация дегеніміз, белгілі бір аймақта тұратын барлық адамдар (жұмысшылар) объектінің қауіп-қатеріне немесе апаттық жағдайына (апатты су тасқыны, жер сілкінісі, техногендік апаттар және т.б.) байланысты оны тастап кетуі керек.

Эвакуацияны жариялау кезінде телерадио хабарларын тарату, әлеуметтік желілер және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін нұсқауларды орындау қажет.

Халыққа негізгі заттар жиынтығынан тұратын «Дабыл чемоданын» алдын-ала дайындау ұсынылады, мысалы: құжаттар, дәрі-дәрмектер, тамақтану, жеке күтім құралдары, су (пластикалық ыдыстарда), жылы заттар, сіріңкелер, радиоқабылдағыш және эвакуация кезінде қажет болуы мүмкін басқа да қажетті заттар.

Үйден (пәтерден, үй-жайдан) шықпас бұрын электр жылыту құралдарын өшіріп, газ және су шүмектерін, терезелерді, форточкаларды, балкон есіктерін жабу қажет.

Сабырлы болыңыз және басқаларға көмектесіңіз. Дүрбелең тәртіпсіз қозғалысқа және қауіптің артуына әкелуі мүмкін.

Халыққа олар бекітілген жақын маңдағы құрама эвакуациялық пункттердің орналасқан жерлерін алдын ала зерделеу қажет.

 

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс

және әскери бөлімдер комитеті