Крещение кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Крещение кезіндегі қауіпсіздік шаралары

«Крещение Господне» мерекесін атап өту халық дәстүрі бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да су айдындарында және ойықтарда суға түсумен байланысты.

Ағымдағы жылғы 18-19 қаңтар аралығында елімізде 269 купелі бар 262 ресми орын анықталды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Төтенше жағдайлар департаменттерінің және полиция күштерімен мерекелік іс-шаралардың қауіпсіздігі бойынша кешенді ұйымдастырушық шаралар жүргізді.

Халықты қауіпсіздік және су айдандарындағы оқыс оқиғаларды алдын алу  бойынша ақпараттаныру еліміздің телеарналарында 43 брифинг өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында 310 мәлімет және әлеуметтік желілерде 504 пост орналастыру арқылы жүзеге асырылды.

Халықтың жаппай жиналатын орындарында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды, 3300 жеке құрам және 1090 бірлік техника жұмылдыра отырып шатыр қалашықтары қойылды. 

Ұйымдастырылған кешенді іс-шаралар 79 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті