Су астында өткізген мың сағаттан астам уақыт

Су астында өткізген мың сағаттан астам уақыт

Суға шомылу маусымы жыл сайын ШҚО ТЖД |кұтқарушы-сүңгуірлері үшін кауырт жұмысқа толы  мезгіл. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін жұмыс мамыр айынан басталады, ол кезде жағажайлар мен су қоймаларының түбіне, рұқсат етілген демалушыларға арналған шомылу орындарына тексеру жүргізіледі. Марат Смағұлов су және ТЖ алдын алу саласында 2004 жылдан бері  жұмыс істейді, су астында 1000 сағаттан астам уақыт өткізген.
«Естелік болған және айтып беретін оқиға көпр. Мен қарапайым оқушыдан бастадым, ештеңе білген жоқпын, ал қазір қызметімді «бес саусағымдай» білемін. Менің міндетім - жағажайларды патрульдеу, суға батып бара жатқан адамдарды құтқару, су объектілерінде, кеме апаттарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, алғашқы көмек көрсету, адамдармен алдын алу жұмыстары. Қыс мезгілінде мұздағы қауіпсіздік жіті назарда болады. Жұмыстың әсерлі бөлігі патрульдеумен байланысты, жазда бұл уақыттың 80% құрайды. Биыл көптеген оқиғалар болды» - деп еске алады Марат.

Негізінен, суға батқандардың барлығы дерлік терең және ағымы күшті немесе мас күйінде рұқсат етілмеген жағажайларда шомылған. Әрине, олар суға батып жатады.

Ең қауіпті айлар қандай? Адамдар жаппай су қоймаларына бара бастағанда, биыл бұл маусым, шілде айлары, тіпті мамыр айында ыстық болды. Адамдар кейде ұйымдасқан жағажайларға баруға жалқаулық танытып,  суға түсу үшін өз өмірлерін қатерге тігуге дайын...Көбінесе адамдар суда тек өз ақымақтығымен қиындыққа тап болады.
Шомылуға рұқсат етілмеген орындар несімен қауіпті? Су асты ағындары, су тұңғиықтары, су иірімдері, тереңдік. Су қоймасының түбінде бөтелкелер, арматура болады және ең бастысы, сізге және сіздің балаларыңызға көмекке келе алатын құтқарушылар мен дәрігерлер болмайды.
Сүңгуір костюмінің салмағы қанша? Ауасымен шамамен 45-50 кг. Құрлықта қозғалу ыңғайсыз, бірақ суда өте ыңғайлы.
Алғаш рет суға сүңгу туралы. Снегирево ауылында іздеу жұмыстары болды: балықшы батып кетті. Ол ұлдарымен бірге су қоймасында болып, апат болды. Алғаш рет қорқынышты, өте ыңғайсыз, су астында қараңғы болды. Бірақ жылдар өткен сайын жұмысқа кірісіп кеттім, енді онсыз өмірді елестете алмаймын.

Сіз үшін ең есте қаларлық оқиға? Ол Мен үшін ең ауыр. Шамамен 10 жыл өтті, ал оқиға қазіргідей есімде. Суға батып кеткен 4 баланың денесін көтеруге тура келді. Бұл Қаракөл ауылының маңындағы шығанақта болды. Балалар демалуға кеткен, олармен бірге 1 ересек адам болды. Қайтып оралғанда олардың көлігі бұзылып қалды. Жүргізуші көлік құралын жөндеп жатқанда, балалар қайықты көріп, оған мініп алады, ал ол тесік еді.... Балаларды жоғалту - ең ауыр нәрсе.....
Сондай-ақ 2016 жылғы су тасқыны кезіндегі үлкен жұмысымыз есімде. Алтай қаласында «Ескі қала» шағын ауданы су астында қалды. Зардап шеккендер жоқ, бірақ бірнеше апта бойы біз су астында қалып, түрлі жабдықтарды, сорғыларды алып, су басқан шағын ауданда крандарды жауып тастадық.
Балаларды құтқардыңыз бе? Иә, құтқардым. Бұл әр жазғы маусымда болып тұрады. Матрацтар мен катамарандарға мініп жалғыз жүзіп кетеді, біз олардың соңынан барамыз, осындай сәттерге патрульдеу кезінде бірден жауап береміз. Балалар көбінесе су қоймаларында жалғыз қалады, бұл ата-аналардың үлкен қателігі.

Су қоймасының түбінде көрген ең ерекше нәрсеңіз? Зират
Ауысымға қалай дайындаласыз? Мен құралдарымды өзім тексеремін. Бұл десантшының парашюты сияқты. Сізден ешкім жақсы тексере алмайды.
Отбасыңыз мамандығыңызға қалай қарайды? Қазір үйренді. Олар алаңдаса да кезекшіліктен күтіп отырады. Менің немерем өсіп келеді, екі балам бар.

«Қауіпсіздік шараларын сақтауға өзіміз мұқият қараймыз, патрульдеу кезінде құтқару кеудешелерін киеміз, бұл — кемеде болу үшін міндетті атрибут! Ол автомобильдегі қауіпсіздік белдігі сияқты. Кеудешенің қалтасында әрқашан судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы жаднамалар жиынтығы болады. Біз оларды демалушылар арасында таратамыз. Насихат жұмысы-құтқарушы қызметінің бір бөлігі», - деп атап өтті Марат Смағұлов.
«Жыл сайын мектептерде, өндірісте, жағалауда демалып жатқан компаниялармен профилактикалық әңгімелер белсенді түрде жүргізіледі. Дегенмен, адамдар қауіпсіздік шараларын елемей, тыйым салу белгілері қойылған жерлерде демалады және оны мақтан тұтады! Ең жаманы, әрине, суға кірер алдында алкогольді ішетін адамдар. Бұл әлі де жазатайым оқиғалардың негізгі себебі болып табылады», - дейді құтқарушы.
Іздестіру жұмыстары кезінде сүңгуірлер өзара бір-бірімен белгілермен сөйлеседі. Ал тереңдіктен судың бетіне бірдеңе айту үшін сүңгуір ұшын пайдаланады. Мысалы, «Сенде бәрі жақсы ма?» деген сұрақты бір рет ұшын тартып қоюға болады. Егер ол жауап ретінде бір рет тартылса, онда «Иә, бәрі жақсы» - дегенді білдіреді. Ұшын екі рет тартқанда, сенің серіктесің: «Ауа жеткізілімін тексер! – дейді. Сүңгуір екі рет тартып қалып: «Мен тексердім, бәрі қалыпты! – деп жауап береді. Осы сияқты жалғастыруға болады.
Жалпы, принцип қарапайым: әдетте жауап саны сұрақтың санына тең болуы керек. Егер сүңгуір қиындыққа тап болса және көмекке мұқтаж болса, ол ұшын қатарынан төрт реттен артық тартуы керек. Содан кейін серіктесі оған баруға дайындалып киім-кешегін киеді. Айтпақшы, сондықтан да сүңгуір жұмыстарын жүргізу үшін қайықта кем дегенде үш адам болуы керек.
«Бұл жұмыста сіз өзіңіздің қабілеттеріңізге сенімді болуыңыз керек. Бірақ, ең алдымен, сіз өзіңіздің серіктесіңізге сенуіңіз керек. Себебі сіз су астында болған кезде, сіздің өміріңіз оның қолында. Су астындағы адамның өмірі үшін оның серіктесі жауапты болады» -деп 1-сыныпты құтқарушы-сүңгуір айтады.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі