
2022 жылғы 10 тамызда Абай облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына және жазушы – драмматург, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай ақпараттық сағат өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрілігіне карасты 68303 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
Кітапхана қонақтары кітапхана тарихымен, бөлімдерімен, бірегей кітап қорымен, клубтар мен үйірмелердің жұмысымен танысты. Абайдың рухани орталығына барып, XVIII ғасырдың соңынан бастап XX ғасырдың басында жарық көрген сирек басылымдардан ақпарат алды.
Ақпараттық сағат барысында сарбаздар Құдайберген Есенғабылов, Нұрбек Нүсіпов ақынның «Жастықтын оты жалындап» және «Сап, сап көңілім, сап көңілім!», өлендерін жатқа айтып берді.
Сарбаздарға белсенді қатысқаны үшін Абай атындағы әмбебап кітапханасынан қазақтын ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың кітаптары сыйлыққа берілді.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі