Азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің командирі Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары болып тағайындалды

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің командирі Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары болып тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғысына сәйкес азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің командирі полковник Данияр Болатұлы Қасымовтың Жауынгерлік Тумен және бөлімнің жеке құрамымен қоштасуының салтанатты рәсімі өтті.

2019 жылдан бастап әскери бөлімді басқарған Данияр Болатұлы өзін нағыз Құзыретті командир, іскер басшы, кәсіпқой, қамқор тәрбиеші ретінде көрсетті.

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен полковник Қасымов Д.Б. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.