52859 әскери бөлімінің жеке құрамы өртті жою жұмыстарына жұмылдырылды

52859 әскери бөлімінің жеке құрамы өртті жою жұмыстарына жұмылдырылды

2022 жылғы 29 маусымда 52859 әскери бөлімінің 2 құтқару батальон жеке құрамы подполковник Төлегенов Айбек Алсайұлының басшылығымен Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ аулының маңындағы «Кувского» орман шаруашылығы және мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғи өртті жою жұмыстарына жөнелтілді.

Қазіргі уақытта 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті күштерінің, сонымен қатар орман шаруашылығы және өртке қарсы ерікті құрамаларымен бірлесіп, атқарған жұмысының арқасында жағдай тұрақталды. Айта кетейік, жақында ғана әскери ант қабылдаған жас сарбаздар үшін әскер сапында бұл бірінші рет төтенше жағдай аймағына  шығу.

 

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі