Құтқарушы 15 жасар баланы құтқарды

Құтқарушы 15 жасар баланы құтқарды

Бүгін 17 сағат 45 минутта Елек өзені коммуналдық жағажайдың жанында рейд кезінде №32 Өрт Құтқару Бекеті Жедел құтқару жасағының құтқарушысы Харченко Рустам суға батып бара жатқан адамды байқап қалады. Жағадан 20 метр жерге дейін жүзіп барып, 5 м тереңдікте 14 жастағы жасөспірімді құтқару шеңбері үстіне жатқызып, жағаға сүйреп алып  шығады. Құтқарушы 2007 жылғы баланы жағаға шығарғаннан кейін, ет бетімен жатқызып ішіндегі жиналған  суды шығарып алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Қазіргі таңда зардап шегушінің жағдайы тұрақты, психологиялық көмек көрсетілді.

Харченко Рустам Ақтөбе облысы ТЖД Жедел құтқару жасағында 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ақтөбе облысы ТЖД бастығының Алғыс хатымен марпатталған.

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы ТЖ департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді:

- мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;

- қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;

- жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- су айдындарын ластауға және қоқсытуға;

- жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

- жалған дабыл беріп айғайлауға;

- техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы