ТЖМ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ТЖМ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан туындаған қатерлер мен тәуекелдерге уақтылы ден қою мәселелерінде мемлекеттік органдардың тәжірибелі басқарушыларын даярлауға бағытталған қызметті жетілдіру бойынша жүйелі негізде жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, 2021 жылғы 13 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев пен Академия ректоры Ерлан Әбіл қол қойды.

Меморандумның мақсаты-білім беру мен ғылыми зерттеулердің жоғары сапасын қамтамасыз ету саласында тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру, зияткерлік әлеуетті арттыру, кәсіби құзыреттерді жетілдіру және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласында бар білім беру ресурстарын тиімді пайдалану.

Практикалық дағдыларды дарыту мақсатында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ТЖ министрлігінің оқытушылары мен сарапшыларының азаматтық қорғау саласындағы тыңдаушыларды МБА орталық офисі мен аумақтық филиалдары базасында оқытуға қатысуы болып табылады.

Бұдан басқа, тараптар осы Меморандумның ережелерін іске асыру үшін бір-біріне консультациялық, ақпараттық-талдамалық және әдіснамалық қолдау көрсетуге ниетті.

 

 

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және

әскери бөлімдер комитеті