2021 жылдың 9 айы бойынша қорытынды шығару

2021 жылдың 9 айы бойынша қорытынды шығару

2021 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша ТЖМ аумақтық бөлімшелері онлайн режимінде кеңес өткізді.

Осы кеңесте Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті қызметінің негізгі бағыттары бойынша баяндамалар жасалды.

Спикерлер аумақтық бөлімшелердің азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау, мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, халық пен аумақтарды қорғау мәселелері бойынша жұмысына ерекше назар аударды.

Кеңес жұмысын комитет төрағасының орынбасары полковник Алексей Советов ашты.

Кеңес барысында азаматтық қорғаныс, елдің акваторияларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аумақтық бөлімшелердің азаматтық қорғаныс басқармаларының қызметкерлері арасында атқарушылық тәртіп саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды.

Өткен диалогтан кейін онлайн жиынның қорытындысы шығарылды. Алексей Советов жақын арада іске асырылуы қажет бірқатар мәселелерді атап өтті.

 

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті