Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында дипломдық жұмыстар қорғауы өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында дипломдық жұмыстар қорғауы өтті

Бүгін 2020 жылғы 27-ші мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты күндізгі оқу факультеті оқу үрдісіне сәйкес «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық» мамандығы бойынша оқитын 4-курс курсанттарының дипломдық жобаларын қорғауы өткізілді.

Осы жылдың іс-шарасының ерекшелігі карантиндік іс-шаралар жағдайында дипломдық жұмыстарды қорғау құрамдастырылған, «көзбе-көз» және «on line» форматтарында өтті. Қашықтықтан қорғау ТЖ Комитетінің ведомстволық бейнебайланыс арнасын пайдалану арқылы Ақтөбе облысында қызмет өткеріп жүрген курсантқа ұйымдастырылды. Осы іс-шара сапалы өтуі Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің жан-жақты қолдауымен мүмкін болды.

Аттестаттау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша түлектер өз жұмыстарын «ұздік» бағаға қорғады. Институт, күндізгі оқу факультетінің және азаматтық қорғаныс және әскери дайындық және ТЖ қорғау кафедраларының басшылығы кіретін комиссия құрамы түлектердің теориялық дайындығының жоғары деңгейін және азаматтық қорғау органдары үшін дипломдық жобалар нәтижелерінің практикалық маңыздылығын атап өтті.