Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі

Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери  ант қабылдау салтанатты рәсімі

2021 жылдың 8 және 9 қаңтарында Қарағанды және Алматы облыстырында орналасқан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдерінде әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді.

Қазақстан Республикасына және оның халқына адалдыққа барлығы 293 жас бала ант қабылдады.

Әскерге шақырылушылар әскери қызметті өткеру үшін Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Түркістан және Ақмола облыстарынан келді.

Әскери бөлімдегі осы шақыру Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің жаңадан құрылған құрамында бірінші болып табылатынын және бұл жаңа шақырылушыларға ерекше жауапкершілік жүктейтінін атап өтуге жөн.

Салтанатты рәсімде Қарағанды облысында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы полковник Бауыржан Сыздықов, Алматы облысында комитет төрағасының орынбасары генерал-майор Ұларбек Абыкеев және Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Алиев қатысты.

Орталық аппараттың және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Отан қорғаушыларға үздік қызмет, мықты денсаулық, рух сергектігін және Қазақстан Республикасының халқы мен аумақтарын қорғау жөніндегі жауынгерлік істе табыс тіледі.

Бүкіл қызмет бойы әскери қызметшілер авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде оқитын және өз дағдыларын жетілдіретін, сондай-ақ республиканың бүкіл аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс салдарларын жою үшін толыққанды тартылатын болады.

Жас құтқарушылар өздерінің конституциялық парызын абыроймен орындап, үйлеріне нағыз ер адамдар оралатынына мақтанышпен сенеміз.

 

ҚР ТЖМ

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті