68303 әскери бөлімдегі әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі

68303 әскери бөлімдегі әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі

Бүгін, 2020 жылдың 26 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында орналасқан ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінде 27 жас жігіт Отанына - Қазақстан Республикасына адал болуға салтанатты түрде ант берді.

Әскерге шақырылушылар әскери қызметті өткеру үшін Отанымыздың астанасы - Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Әскери бөлімдегі осы шақыру Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің жаңадан құрылған құрамында бірінші болып табылатынын және бұл жаңа шақырылушыларға ерекше жауапкершілік жүктейтінін атап өткен жөн.

Салтанатты рәсімде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары, полковник Алексей Советов Отан қорғаушыларға үздік қызмет, мықты денсаулық, рух сергектігін және Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қорғау жөніндегі жауынгерлік істе табыс тіледі.

Барлық қызмет барысында әскери қызметшілер авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын оқып, жетілдіретін болады.

Жас құтқарушылар өздерінің конституциялық парызын абыроймен орындап, үйлеріне нағыз ер азамат болып оралатынына сенеміз.

 

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті