«Бекет-2026» оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды

«Бекет-2026» оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды

 ТЖМ Ақмола облысының аумағында «Бекет-2026» ведомствоаралық топтарының құрамында дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді оқу-жаттығуға қатысты.

  Оқу-жаттығу шеңберінде «Қорғау-2026» республикалық штабтық жаттығуының «Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру» тақырыбында ерекше кезеңдегі практикалық іс-шараларды пысықтаумен екінші кезеңі өткізілді.

  Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша министрлік жеке құрамның кәсібилігі, өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі, шешімдер қабылдаудың жеделдігі және практикалық іс-шараларды сапалы пысықтағаны үшін жоғары баға алды. Ең үздік қызметкерлерді оқу-жаттығу басшылығы атап өтті.