Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін өткізу қорытындылары

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін өткізу қорытындылары

  Наурыз айында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай ел бойынша 43 мыңнан астам іс-шара өтті.

  Наурыз бойы «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өтті. Бекітілген жоспар шеңберінде 2,5 млн. астам адамды қамти отырып 43 мыңнан астам іс-шара өткізілді.

  Еліміздің барлық өңірлерінде оқу-жаттығулар, дәрістер, конкурстар, интерактивті сабақтар мен аралаулар, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық акциялар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында халыққа қарапайым қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралар жеткізілді.

  Жүргізілген жұмыс халықтың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын нығайтуға және елдегі қауіпсіздік мәдениетін арттыруға ықпал етті.