
Қазақстанда төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға халықтың дайындығын арттыруға бағытталған азаматтық қорғаныс айлығы жалғасуда.
Айлық шеңберінде ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оқыту және профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізеді. Білім беру ұйымдарында, кәсіпорындарда және тұрғын алаптарда ашық сабақтар, балалар суреттері байқауы, тақырыптық кездесулер, практикалық сабақтар,е эвакуациялау бойынша жаттығулар, техника көрмесі ұйымдастырылады.
Қауіпсіздік ережелерін, өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да ықтимал төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін түсіндіруге ерекше назар аударылады. Құтқарушылар азаматтарды шұғыл қызметтердің жұмысымен таныстырады, арнайы техника мен жабдықтарды көрсетеді.
Мұндай іс-шаралар халық арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға, азаматтардың төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және азаматтық қорғау қызметтері мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға және өткізілетін оқыту іс-шараларына белсенді қатысуға шақырады. Адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды тек бірлескен күш-жігермен қамтамасыз етуге болады.