ТЖ министрлігінде республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен бірлескен жаттығу өткізілді

ТЖ министрлігінде республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен бірлескен жаттығу өткізілді

  2025 жылғы 17-22 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында республикалық азаматтық қорғау қызметінің құрамына кіретін мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ТЖМ аумақтық органдарымен бірлескен жаттығу өткізілді.

  Жаттығу Алматы қаласында жер сілкінісі туындаған кездегі іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған, жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес өткізілді.

  Іс-шара барысында құлақтандыру және ақпарат алуды растау тетіктері, сейсмикалық сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі басқару органдарының іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын үйлестіру, өзара іс-қимыл жасау және тарту мәселелері пысықталды.

  Жаттығу қорытындысы бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің міндеттері мен функциялары қосымша қарастырылып, олардың дайындығы және ықтимал төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

  Мұндай іс-шараларды өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және азаматтық қорғау жүйесінің табиғи сипаттағы қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға дайындығын арттыруға ықпал етеді.