Қазақстан мен Өзбекстан атынан орталық мемлекеттік органдардың, ядролық физика, радиация, қоғамдық денсаулық сақтау, энергетикалық компаниялар саласындағы жетекші ғылыми институттардың басшылары мен салалық мамандары қатысты.
Қазақстан ТЖМ атынан Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басқармасының бастығы Қасым Қайрат қатысты.
Талқылау барысында қауіпсіздікке, сейсмикалық тұрақтылыққа, экология мәселелері бойынша екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға баса назар аудара отырып, Атом энергиясы саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қаралды. Тараптар екі елде де АЭС салу үшін әлеуетті алаңдардың сейсмикалық қауіпсіздік аспектілерін қарастырды, персоналдың біліктілігін арттыру, сондай-ақ радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды әзірлеу, Қазақстан мен Өзбекстанның ядролық физика институттарының базасында бірлескен білім беру бағдарламаларын құруды қоса алғанда, атом саласы үшін мамандар даярлауда тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Радиациялық және экологиялық ахуалды мониторинг жүргізудің бірлескен жүйесі, авариялық ден қою бөлігінде трансшекаралық жаттығулар өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында, соның ішінде трансшекаралық жаттығуларды өткізу тәжірибесін зерделеудің, жедел ден қою тетіктерін әзірлеудің орындылығы атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.