Маңғыстау облысында туристік аймақтардың су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру басталды

Маңғыстау облысында туристік аймақтардың су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру басталды

  Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті туристік демалыс аймақтарында су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеруді бастады. Алғашқы шығулар жасалып, өңірлік ТЖД жедел-құтқару жасағының базасына да барды, сондай-ақ коммуналдық және жеке жағажайларды тексеру жүзеге асырылды.

  Жағажайлардың жағдайын бақылауға ерекше назар аударылады. Комиссия құтқару бекеттерінің, қоршаулардың, ескерту белгілерінің болуын, құтқарушылардың дайындығын, сондай-ақ су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуын тексерді.

  Туристік объектілерді инспекциялау жұмысы жоспарлы тәртіпте  жалғастырылатын болады. Тексеру нәтижелері бойынша ден қою шаралары қабылданатын болады. Басты мақсат — демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы кезеңде судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу.