18 наурызда Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинар өткізілді. Комитет қызметкерлері және «Резерв» РМК жұмысшылары үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Ж.Ж. Жылқышиеваның, Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі С. Әбдікәрімұлының, «Резерв» РМК комплаенс-офицері Ж.С. Салимбаевтің қатысуымен семинар өтті.
Семинар барысында Ж.Ж. Жылқышиева «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыпта презентация дайындап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік баптары туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізгі құралдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы мәлімдеме жасады. Іске асырылған шаралармен мүдделер қақтығысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, қатысушылардың назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі заңнамалық бастамалары, оның ішінде сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу, мүдделер қақтығысын регламенттеу, «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, пара беру туралы ұсынысты және пара беру туралы уәделерді криминализациялау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы баяндап берді.