«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» СЕМИНАРЫ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» СЕМИНАРЫ

2020 жылғы 26 тамызда ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК қызметкерлері үшін «Қазақстан даму қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ-мен, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс. (ISO 37001: сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі)» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Модератор «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ч.Ч. Кожахметов болды және ол мемлекет пен партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сондай-ақ семинардың мақсаты туралы айтты.

⠀       Семинардың мақсаты ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін құру туралы жалпы түсінік алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін құру негіздерін қарастыру және оны ұйымда қолдау болып табылады.

Дәрісті жүргізуші Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы, ISO 37001 енгізу бойынша сертификатталған маман А.М. Қабылдин ISO 37001 халықаралық стандартының құрылымымен және талаптарымен, тәуекелдерді анықтау әдістерімен, сондай-ақ ISO 37001 енгізу және қолдану ережелерімен таныстырды.

⠀         Семинар барысында Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлері белсене қатысып, өз сұрақтарына толық жауап алды.

         Комитет төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Н.М. Иманбаев дәріскерге және семинар ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.