Республика күнін мерекелеу

Республика күнін мерекелеу

     Республика күнін мерекелеу Комитетте 2024 жылғы 24 қазанда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаудан басталды. Басшылық мереке күнімен қызметкерлерді салтанатты түрде құттықтады, құттықтаулар мерекелік концертпен жалғастырылды.

     Сонымен қатар, мереке қарсаңында «Резерв» РМК қызметкерлерінің қатысуымен спорттық іс-шара өткізілді, сайыс жеңімпаздары естелік медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.