«Резерв» РМК филиалдарының қызметімен танысу және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау шарттарын тексеру мақсатында Комитет төрағасы Е.Б. Бейсеуов Петропавл қаласындағы «Резерв» РМК-ның «Орбита» филиалына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында төраға филиал ұжымымен кездесті, кездесуде кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Ұжымға мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.