
2024 жылғы 11 қазанда Комитеттің төрағасы Е.Б. Бейсеуов ведомствоның ұжымына Комитет төрағасының орынбасары Ә.А. Кокушевты таныстырды.
Әсет Аязбайұлы Кокушев мемлекеттік материалдық резерв жүйесінде 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Мол жұмыс тәжірибесі бар, Комитеттің «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Орбита» филиалы технологиялық бөлімінің құюшы-алушысынан бастап Комитеттің Мемлекеттік резервті есепке алу, бақылау және шығару басқармасының басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.
Е.Б. Бейсеуов жаңадан тағайындалған Комитет төрағасының орынбасарына мемлекеттік материалдық резерв жүйесін датыму бойынша бірқатар нақты міндеттер қойып, табыс тіледі.