ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік (атқарушы) билік органдары басшылары кеңесінің XVI шақырылымының Консультативтік Кеңесі отырысының бейне-конференциясы

ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік (атқарушы) билік органдары басшылары кеңесінің XVI шақырылымының Консультативтік Кеңесі отырысының бейне-конференциясы

 

2020 жылғы 30 шілдеде ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік (атқарушы) билік органдары басшылары кеңесінің XVI шақырылымының Консультативтік Кеңесі отырысының бейне – конференциясы өтті. Пандемияға байланысты бұл іс-шараны онлайн режимінде өткізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының атынан ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Ілияс Сапарбекұлы Испанов және төраға орынбасарының м.а. Нұрлан Мейрамұлы Иманбаев қатысты. Баяндама барысында ҚР-да "Мемлекеттік материалдық резервті автоматтандыру" тұжырымдамасының табысты іске асырылуы атап өтілді.

Мемлекеттік материалдық резерв қызметін Автоматтандырудың негізгі бағыттарын айқындай, оның ішінде:

-  нақты уақыт режимінде активтердің жай-күйін орталықтандырылған басқаруды және бақылауды қамтамасыз ету;

-  қойма қалдықтары туралы ақпаратты жедел алу;

-  жарамдылық мерзімі шектеулі тауарларды тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

-  ақпараттық қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтай отырып, географиялық жағынан алыстағы объектілердің деректерімен жедел алмасу;

-  қойма үй-жайларын пайдалануды оңтайландыру және т.б.

Тұжырымдаманың мақсаты мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ашықтығын арттыру болып табылады:

-  материалдық құндылықтардың сапалық және сандық сақталуын қамтамасыз ету;

-  процестерді жүйелі оңтайландыруға бағытталған мемлекеттік материалдық резервті басқарудың тиімділігін арттыру.

Пилоттық жобада нақты уақыт режимінде активтердің жай-күйін орталықтандырылған басқару мен бақылауды қамтамасыз ету үшін жедел басқару орталығының жұмыс істеуі сынақтан өткізілетіні аталды.

Қоймалар мен резервуарлар желісін басқару жөніндегі қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде мемлекеттік материалдық резервтің тауарлық-материалдық құндылықтарын есепке алу, сақтау және шығару процестерін толық автоматтандыруды алу жоспарлануда.

Іс-шараға Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Молдова Республикасының, Тәжікстан Республикасының және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.