"Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің психологиясы" лекциясы

"Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің психологиясы" лекциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Нұр-Отан» партиясының «Бірлік» филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған алдын алу іс-шараларының бірлескен жоспарын орындау мақсатында 2020 жылғы 24 шілдеде Комитет пен «Резерв» РМК-да «Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің психологиясы» тақырыбында дәріс өтті.

Онлайн-дәрісті 40-тан астам ғылыми жарияланым авторы, психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану (психология) кафедрасының доценті Алмат Сәбитұлы Нұрадинов жүргізді. Дәріс барысында А.С. Нұрадинов сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің факторлары, себептері, психологиялық алғышарттары және субъектісі туралы айтып, сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне және оның көрініс деңгейлеріне әлеуметтік-психологиялық сипаттама берді.

Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлері онлайн-дәріске белсене қатысып, дәріскерге соншалықты мазмұнды дәрісі үшін алғыстарын білдірді.