Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады

Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады

      Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып келді.  

      15 фура гуманитарлық көмек: азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілді.