Назар аударыңыздар! Хабарландыру!

Назар аударыңыздар! Хабарландыру!

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ашықтығы мен айқындығы қағидаттарына сәйкес тауарлық-материалдық қорларды сапалы және қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету мақсатында және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік  материалдық резервтер комитеті «Резерв» РМК-ның негізгі қорларын қалпына келтіру үшін ағымдағы жылдың сәуір айында өрт сөндіру су қоймаларының, кәріз жүйелерінің, шатырлардың, жертөле, қосалқы үй-жайлардың, техникалық алаңдардың күрделі және ағымдағы құрылыс жөндеу жұмыстарымен, сондай-ақ  РМК-ның жеке филиалдарындағы су қоймалары мен шатырларға күрделі  жөндеуге ЖСҚ әзірлеумен байланысты жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік сатып алу жарияланды. Барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілерді көрсетілген мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырамыз. Сатып алынатын жұмыстардың толық тізбесі мен егжей-тегжейлі ерекшеліктері конкурстық құжаттамада (https://www.goszakup.gov.kz/)  көрсетілген. Қосымша ақпаратты 8 (7172) 374186 телефоны арқылы алуға болады.