«Резерв» РМК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Резерв» РМК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

  010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Адольф Янушкевич көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитеттің «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  Кәсіпорынның мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Адольф Янушкевич көшесі, 2.

 

  Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

  Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды, ауыстыруды, олардың сақталуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде материалдық құндылықтарды уақытша бос ыдыстарда, үй-жайларда, ашық алаңдарда, тоңазытқыш камераларда сақтау, вагондарды уақытша сақтау үшін теміржол тұйығын ұсыну, оның ішінде тиеу, түсіру, өлшеу бойынша, сондай-ақ жылжымалы құрамның өтуі үшін локомотив, техника қызметін, кірме жолдарды ұсыну бойынша қызметтер көрсету.

 

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1) техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе құқық саласында (юриспруденция, халықаралық құқық, кеден ісі) немесе экономика және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Мүмкіндігінше «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы;

  2) ұйымның тиісті бейініне сәйкес қызмет түріндегі басшы лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

  3) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және осы Кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметі қатынастарын реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін білу.

 

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

  3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

  4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

  Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

  Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мына мекенжай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Адольф Янушкевич көшесі, 2, сондай-ақ, soltanbekova.a@emer.kz. электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

  Анықтама телефоны: 8 (7172) 235-603.