Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі

2022 жылғы 4 тамызда Министр Қостанай облысының тұрғындарымен және кәсіпкерлерімен кездесу өткізеді, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.

Кездесу Қостанай облыстық филармониясының ғимаратында өтеді. Е. Өмірзақова ("Жастар Сарайы", Қостанай қ., Юбилейный шағын ауданы, 56, басталуы 14:00)

Қостанай облысының тұрғындары іс-шараға онлайн қатыса алады. Кездесуді қалалық және аудандық әкімдіктер ғимаратынан бейнеконференцбайланыс арқылы трансляциялауға болады.

Бұдан басқа, кездесудің тікелей көрсетілімі Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қостанай облысының ТЖД арнасында жүргізілетін болады.

Кездесу аяқталғаннан кейін сағат 15:45-те Министр БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, Министрліктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді.