ҚР Төтенше жағдайлар министрі «Высота» филиалына барды

ҚР Төтенше жағдайлар министрі «Высота» филиалына барды

  Ағымдағы жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий Ильин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. ТЖМ ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне, оның ішінде ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК «Высота» филиалына барды.

  Филиалды аралау барысында оның қызметімен танысып, ұжыммен кездесу өткізді, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв тауарларының сапалы және сандық сақталуын қамтамасыз ету, филиал объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойды.

  «Высота» филиалының негізгі мақсаты – өнімдер мен өнеркәсіптік тауарларды сақтау. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: жылытылатын қойма үй-жайлары бар, тоңазытқыштың барлық қойма үй-жайларында және камераларында температуралық-ылғалдылық режимі сақталады.