Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Қарағанды облысының халқымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Қарағанды облысының халқымен кездесуі

2022 жылдың 29 шілдесінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, одан кейін азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді.

Кездесу «Аманат» саяси партиясының ғимаратында өтеді (Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 4, басталуы сағат 15:00-де).

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының тұрғындары да шараға онлайн түрде қатыса алады. Отырыстың трансляциясы қала және аудан әкімдіктерінің ғимараттарынан бейнеконференцбайланыс арқылы қолжетімді болады.

Сонымен қатар, кездесу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Отырыс аяқталған соң (16:30-да) Төтенше жағдайлар министрі брифинг өткізіп, министрліктің қызметі туралы журналистердің сауалдарына жауап береді