Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша кездесу өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша кездесу өткізілді

  2022 жылғы 29 маусымда «Резерв» РМК ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында «Резерв» РМК аппаратының басшысы Дәулет Сұлтановтың төрағалық етуімен кездесу өтті. Оған «Резерв» РМК жұмыскерлері мен ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің қызметкерлері қатысты.

  Кездесуге спикер ретінде Елордалық мәслихат депутаты, «Астана-Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Бақдәулет Жанділдаев сөз сөйледі.

  Өз сөзінде соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны азайып, ал тұрмыстық сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны артқанын және 2015 жылдан бастап қолданыстағы заңнамаға сәйкес пара берушінің жауапкершілігі мен айыппұл мөлшері туралы еске салды.

  Еліміздің Президентінің концепциясын қолдап «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал басшысы Дархан Құлжамбеков сөз сөйледі. Ол өз ұйымының негізгі міндеттерін атап өтіп, былтыр құрылған Бірлестікке келіп түскен кейбір өтініштерге тоқталды. Сонымен қатар еліміздің кез келген азаматында «LAWCENTER» қосымшасы арқылы кәсіби заң кеңесшілерінен тегін құқықтық ақпарат алу мүмкіндігі барын хабарлады.

  Шақырылған қонақтар бүгінгі күннің ең өзекті және қоғам дертіне айналған жемқорлық фактілерімен күресуде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.