2018 жылғы 7 наурызда Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай салтаннатты шара ұйымдастырылды

Мерекелік жиынды ҚР ҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резевртер комитетінің Төрағасы Б.З. Иманәлиев құттықтау сөзімен ашты. Салтанатты іс-шара барысында ҚР ҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Төрағасы Б.З. Иманәлиев Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлерінің жартысын әдемі, күш-қуаты сарқылмас, ақылды, адал  және сабырлы әйелдер қауымы құрайтынын атап өтті. «Жұмыста ерлермен қатар табысқа жете отырып, әйелдер қамқоршы ана, нәзік әйел және сүйкімді қарындас та бола біледі», -деді Төраға өз сөзінде.

Мерекелік концертте күй тартылып, ән шырқалды. ҚР ҚАӨМ ММРК және «Резерв» РМК ерлер ұжымы нәзік жандылар қауымына естелік сыйлығын сыйға тартты.