Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары туралы

Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары туралы

4 - 5 сәуірде Тәжікстан Республикасында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Атамқұловтың басшылығымен қазақстандық делегацияның жұмыс сапары өтті.

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Б.З. Иманәлиев Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі К. Расулзодамен  және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік резервтер агенттігінің директоры Н.Ахмадзодамен кездесуге қатысты.

Келіссөздер барысында қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары  өндіретін төтенше жағдайларды жоюға арналған арнайы автомобиль техникасын сатып алу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Тәжікстан Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Н. Ахмадзодамен кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру саласында тәжірибе алмасты.

Қабылдаушы тарап екіжақты ынтымақтастыққа қызығушылық көрсетті, кездесу жылы, достық жағдайда өтті.